5 декабря 2017 состоялся семинар в ДСШ №3
2017 жылдың 5 желтоқсанында «№ 3 Денисов орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімдерінің «Жаңартылған білім мазмұнын меңгертуде заманауи әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімді жолдары» тақырыбында аудандық семинары өтті. Семинардың мақсаты: Бастауыш сынып сабақтарында заманауи әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын көрсете отырып, тәжірибе алмасу.
Семинарға ауданның мектептерінен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Бағдарламада «№ 3 Денисов орта мектебі» КММ бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің жетекшісі У. Кайырбекова көрсетілім бойынша мектептің бастауыш сыныбы өмірімен таныстырып, әрі қарай заманауи үлгідегі ашық сабақтарда әдіс-тәсілдердің түрлерін тиімді пайдаланған сабақ кезеңдері көрсетілді. Семинар барысында тәрбиелік іс-шара, коучинг, оқушылар көрмесі ұйымдастырылды. Семинар соңында «Денисов ауданы ББ әдіскері Саломахина Е. Н. қорытынды жасап, семинарға қатысушылары мен мектеп ұжымына алғысын білдірді.
Аудандық бастауыш сынып мұғалімдері семинарының өткізілу барысына сараптама.
«Жаңартылған білім мазмұнын меңгертуде заманауи әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімді жолдары» тақырыбында өткізілген семинар өз мақсатына жетті. Семинар барысында қазіргі заманға сай өзекті мәселелерді бірі- критериалды бағалау қарастырылды. Сабақ кезеңдерінде бастауыш сынып мұғалімдері түрлі заманауи әдіс-тәсілдерді пайдаланып, критериалды бағалаудың тиімді жолдарын көрсетті. Мемлекеттік тілде өткізілген семинар барысында оқушылардың ана тілінде жатық сөйлеп, ойларын толық жеткізе алатындықтары байқалды. Сабақтарда пайдаланылған әдіс-тәсілдердің семинарға қатысушы мұғалімдердің тәжірибесіне мол әсерін тигізгендігі жайында қорытынды кері байланыста талқыланды. Оқушылар өзара және өзін-өзі бағалау жүйесін жүйелі түрде жүзеге асырып жатқандығын көрсете білді. Мектепте білім мен өнерді ұштастыра отырып, тәрбиелік іс-шарада үш тілділік, қазақтың ұлттық аспабын дәріптеу, ұлттық би өнерін көрсету жоғары дәрежеде өткізілді. Мектептің үйлестірушісі жаңартылған білімді бағалаудың заманауи түрлерін әріптестері арасында коучинг арқылы серіктестікке шақырды.
Ұсыныстар:
— Критериалды бағалау әдістері мен тәсілдерін қолдануды жалғастыру;
— Үш тілділік аясындағы жұмыстарды жетілдіру;
— Жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге ыңғайлы жағдай жасау;