Пікір-сайыс турнирі /Дебатный турнир: «О переходе казахской письменности на латинскую графику»
Пікір-сайыс турнирі:
«Қазақ жазуының латын графикасына ауысуы туралы»
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ету мақсатында, сондай-ақ оқушылардың қоғамның өзекті мәселелерін шешуге қызығушылықтарын арттыру үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылдың 30 қарашасы күні №2 Денисов орта мектебінің қабырғасында «Қазақ жазуының латын графикасына ауысуы туралы» тақырыбында аудандық пікір-сайыс турнирі болып өтті.
Осы пікір-сайыс турниріне ауданның 4 мектебінен 4 команда қатысты: Глебовка орта мектебі, Перелескі орта мектебі, Красноармейка негізгі мектебі және №1 Денисов орта мектебі.
Турнирге жоғары санатты мұғалімдерден құралған қатал және әділ қазылар алқасы төрелік жасады.
Пікір-сайыстар-Карл Поппер форматы бойынша жүргізілді. Бұл формат сын тұрғысынан ойлауға және талқылау іскерлігін дамыту бағдарламасы ретінде ерекшеленді. Бағдарлама өз стилін әзірледі және бұл стиль қатысушылардың мәселелерді талқылауына, негізгі мәселені түрлі тұрғыдан талдауына, стратегиялық мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын болжауға және қатысушылардың нақты деректерді атап көрсете алу мүмкіндігі бар саяси дебат стиліне жақын болды.
Аудандық пікір-сайыс турнирінің қорытындысы бойынша бірінші орынды №1 Денисов орта мектебінің «Жас ұрпақ» командасы алса, екінші орын Красноармейск негізгі мектебінің «Бәйтерек» командасына бұйырды ал, үшінші орынды Глебовка орта мектебінің «Парасат» командасы жеңіп алды.
«Денисов ауданы әкімдігінің
білім бөлімі»ММ әдіскері
С.Ш. Бултаева
Дебатный турнир:
«О переходе казахской письменности на латинскую графику»
С целью способствования развитию критического мышления и коммуникативных навыков обучающихся, а так же для стимулирования интереса школьников к решению актуальных проблем общества, в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру» 30 ноября 2017 года на базе Денисовской средней школы №2 состоялся районный дебатный турнир на тему: «О переходе казахской письменности на латинскую графику»
В данном дебатном турнире участвовали 4 команды из 4 школ района: Глебовская средняя школа, Перелескинская средняя школа, Красноармейская основная школа и Денисовская средняя школа №1.
Судейство турнира осуществяляло строгое и компетентное жюри, учителя высшей категории.
Дебаты проходили по формату- Карла Поппера. Данный формат возник, как программа, развивающая умения рассуждать и критически мыслить. Программа разработала свой стиль, близкий к стилю политических дебатов, где учащиеся учатся обсуждать проблемы, анализировать данные проблемы с разных точек зрения, предполагать возможные пути, стратегиирешения проблем, что и продемонстрировали участники данных дебатов.
По итогам районного дебатного турнира первое место заняла команда «Жас ұрпақ» Денисовской средней школы №1, второе место досталось команде «Бәйтерек» Красноармейской основной школы и третье место получила команда «Жеңіс» Перелескинской средней школы, грамота за активное участие получила команда «Парасат» Глебовской средней школы.
методист
ГУ «Отдел образования акимата
Денисовского района»
Бултаева С.Ш.