«Көңілді старт» денсаулық және спорт мерекесі.
Әрбір адамның ұлы құндылығы – денсаулық. Баланы мықты, шымыр, сау етіп өсіру – әрбір ата-аналардың тілегі және білім беру мекемесінің алдында тұрған бірден бір алдыңғы қатардағы мақсаттардың бірі болып табылады. Салауатты өмір салтын насихаттаудың ең жақсы тәсілі – спортпен айналысу.
Айта кетейік, ауданда спортқа деген көңіл ерекше бөлінеді. Егер ақылды болу жолындағы еңбек етуді дене қалпын, денсаулықты сақтау жолындағы еңбек етумен кезектесе, онда оқуда да спортта да елеулі табыстарға қол жеткізуге болады. Дене шынықтыру, күшті болу мен денсаулығын дамытып, батылдық, табандылық сезімдерін дағдыландырады, ең бастысы жеңіске, мақсатқа жету жолында қажымас қайрат сыйлайды.
Бәлкім, педагогтар мен балалардың арасын бірлескен мерекелер мен ойын-сауықтардан басқа ешнәрсе қатты жақындата қоймас. Сондықтан да, біздің ауданда педагогтармен, құрдастарымен бірлесіп өткізілетін спорттық ойындар дәстүрге айналған.
Өткен сенбіде, 20.01.2018 жылы «Автомобилист»атты спорт кешенінде «Мен-Чемпионмын» атты облыстық балалар спорттық ойыны аясында «Көңілді старт» атты спорттық мереке болып өтті.
Стартқа 8 команда қатысты: Денисов ауданы мектептерінің ішінен «№1 Денисов ОМ»КММ, «№2 Денисов ОМ» КММ, «Баталы ОМ» КММ, «Перелески ОМ» КММ, » академик Т. Б. Даркамбаев атындағы Аят ОМ» КММ, «Свердлов ОРТА мектебі» КММ, «Алшан негізгі мектебі «КММ — «Архангелка НМ»КММ белсене атсалысты. Әр команданың құрамында 10-баладан болды. Қатысу шартының кілті- салауатты өмір салтын жақтаушы немесе осындай адамдардың орынын толықтыруға дайын болуларында болды. Ал, командалардың ақтық мәреге қандай нәтижемен келуі тек командалардың бірлікте және ұйымшылдықта әрекет етуіне байланысты болды.