МЕКТЕПІШІЛІК «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ӨТТІ

Журналист / Фев.26.2018. / Нет комментариев

Оцените статью:

  1. 5
  2. 4
  3. 3
  4. 2
  5. 1
(1 голос, в среднем: 5 из 5)


Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы-мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді – дей отыра мектебімізде дәстүрлі «Абай оқулары» сайысы өткізілгені туралы айтпақпыз. 22.02.2018 жылы «№3 Денисов орта мектебі» коммуналдық мемлекттік мекемесінің қабырғасында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімі Нұрғазина Маржан Ерболатқызының ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында дәстүрлі «Абай оқулары» мәнерлеп оқу байқауының мектепішілік кезеңі болып өтті.

Байқау мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениеті не, тілі мен әдебиетіне деген оқушылардың ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау,отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатын көздейді. Байқауға 2-10 сынып оқушылары белсенді қатысып өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті.Сайыс үш бөлімнен тұрды:

  • «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу) .
  • «Көңілім әнді ұғады» (Абай әндері мен күйлерін орындау)
  • «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – Жас дарындар байқауы. (Өз шығармаларын орындау).

Әділқазылар әр бөлім бойынша 1-4 сынып оқушыларын бөлек бағаласа, 5-10 сынып оқушыларын бөлек бағалап жеімпаздарды анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша 1-4 сынып арасында 1-бөлім бойынша І орынды Дундинова Арайлым жеңіп алса, ІІ орынды Калилаева Нурбибі ал, ІІІ орынды Марат Бақнұр жеңіп алды. 2-бөлім бойынша ІІ орынды Асқар Байжан жеңіп алса, ІІІ орын  Майер Кэтринге бұйырды. 3-бөлім бойынша І орынды Нуркалиева Несібелді жеңіп салса, ІІ орын Нуркалиев Ержанға бұйырды ал ІІІ орын Беймаханова Самал жеңіп алды. 5-10 сынып оқушыларының арасында 1-бөлім бойынша І орынды 8-сынып оқушысы Сапар Еркебұлан, ІІ орынды Нуридинов Бақдаулет, ІІІ орынды Нуридинова Жансая жеңіп алса, 2-бөлім бойынша І орынды Базарбаев Бауыржан, ІІ Нуридинова Жансая және Марат Асылайдың дуэті жеңіп алды. Ал,3-бөлім бойынша І орынды Нуридинов Нұрдаулет, ІІ орынды Марат Асылай, ІІІ орынды Нуридинов Ержігіт жеңіп алды.  Жеңімпаз оқушылар арнайы мақтау қағаздармен марапатталып естелікке суретке түсті.  

Бұл оқушылар енді мектеп намысын аудандық «Абай оқулары» сайысында қорғайтын болады.  

Қазақтың атын өшірмей, шырағын жаққан, өзгелерге танытқан ақын атамыздың қазаққа қара өлеңімен сіңірген еңбегі мол. Абай атамыз біз үшін әрқашан дара, әрі дана болып қала бермек. Абай атамыздың өлеңдерінен нәр алған жас өркендердің өлең өнерінде шарықтап, өз орындарын табарына кәміл сенемін! 

 

«№3 Денисов орта мектебі»КММ

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Нұрғазина Маржан Ерболатқызы

2 3 4 5