«Қоғамдық пәндер-рухани жаңғырудың негізі»
Халқымыздың тəуелсіз Қазақстан Республикасы атты мемлекет құрып, ұлттың азаттығын сақтай білуі бүгінде қаншалықты маңызды болса, сол мемлекеттің шынайы да танымды тарихын жазып, келер ұрпаққа жеткізе білуде соншалықты маңызды. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Елбасымыздың бастамасымен жүргізіліп отырған Рухан жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуадық өріс. Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. №3 Денисов орта мектебінде жоспарға сай өткізілген «Қоғамдық пәндер-рухани жаңғырудың негізі» атты гуманитарлық пәндер апталығы да осы көне тарихымызды,жәдігерлерімізді,мәдениетімізді,тілімізді сақтау және оны өскелең ұрпақтың бойына сіңіру,мұра етіп қалдыруды мақсат етіп отыр.Жоғарыда аталған апталықта мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Қайсарбек Марат Қайсарбекұлының өткізген «Тарих-таным бастауы» атты интеллектуалдық сайысы дәлел бола алады. Қатысушы оқушылар өздерінің тарих пәніне деген қызығушылықтарын көрсетіп қана қоймай сонымен қатар өз елінің тарихымен мәдениетін,музыкасымен көне мұраларын,жәдігерлерін білетіндерін,тарихи білімдерінің жоғары екендігін көрсете білді.Атап айтатын болсам «Тарихты танып біл» айдары бойынша еліміздің тарихының негізгі кезеңдері-қазақ хадығы, саяси қуғын-сүргін Ұлы Отан соғыс жылдарындағы оқиғалар қамтылды.Ал «Көне мұра»айдарында халқымыздың өткен ғасырда қолданыста болған тұрмыстық заттарының суреттері бойынша сол заттың атауын және не үшін қолданғандығын айтса,«Тұлғалар» айдарында еліміздің тарихта өшпестей аты қалған ұлы дала тұлғалары жайында өз білімдерін ортаға салды. «Капитандар сайысы» әр топ капитандары тарих пәні бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп білім деңгейлерінің жоғарылығын көрсетті. «Күй күмбірі» атты кезеңде күй ойналып сол күй күмбіріне оның авторымен күйдің атауын тапты. Осы аталған іс-шараның кезеңдерінде көрсетілгендей еліміздің төл тарихымен мәдениетін яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материялдық құндылықтарды ұмытпау және оны келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру,Отанының гүлденуіне үлес қоса алатын азамат өсіре алу деген сөз.. Сондықтан қатардағы пендені нағыз толық қанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор .
№3 Денисов орта мектебінің ДТІЖО Даулетова.Б.О